«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

140

2019 жылы 12 шілде күні «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Онда қаралған бірнеше мәселе оң шешімін табуда, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Қуанышбеков Бахытжан Шераханұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі; Айдарбеков Асқар – Аудандық мәслихаттың депутаты; Әміров Айбек – «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының сарапшысы қатысып, өтініш иелерін тыңдады.

Қабылдауда бірнеше мәселелер қаралды, оның ішінде мүгедектік топқа шығу, арық суы мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыссыздық, мемлекеттік балабақшаларды жекешелендіру мақсатында аукционға шығу жөніндегі сұрақтар көтерілді. Әр бір келіп түскен өтініштің оң шешімінің табылуына ықпалын етіп, «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы алдағы уақытта да мемлекеттік мекемелер, бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдармен, соның ішінде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемелерімен бірлесіп азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге дайын екендігін көрсетті.