АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

25

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Арыс қаласына келіп, құрылыс барысы және штаб жұмысымен танысты. Сапар барысында тұрғын үйлерді аралап, меншік иелерімен жүздесті,  деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Жалпы Арыс қаласы 17 секторға бөлініп, қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 12-секторда зардап шеккен үйлердің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы және ұйымдастыру жұмысына Келес ауданы бекітілген. Бұл аумақта 789 тұрғын үй бар. Оның ішінде 472 үйге ақау актісі жасалып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге талап етеді. Қазіргі уақытта 50 пайыз құрылыс жұмыстары аяқталды.

Қала тұрғындары құрылыстыжедел жүргізіп жатқан ақтөбелік ағайынға алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, жасалып жатқан жұмыстар сапалы құрылыс материалдармен жүргізілуде. Еске салсақ, Арыс қаласындағытөтенше жағдайға байланысты ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылғы 29 маусымда арыстықтарға 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру жөнінде тапсырма бергені белгілі.Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бақылауында тұрған мәселе.Осы тапсырмаға сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға (Арыс қаласы – 44 994 адам, Ақдала ауыл округі – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі – 4 232 адам, Дермене ауыл округі – 2 052 адам)100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд.теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде.