АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 200 ТОННА ӨНІМ ТҮСКЕ ДЕЙІН ӨТІП КЕТТІ

92

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен бүгін Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Оған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысып, тұрғындарменпікір алмасты. Өңір тауар өндірушілерінің еңбегін жоғары бағалады.

Жәрмеңкеде Түркістан облысындағы 50 шақты тауар өндіруші 200 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Тауарлар қала тұрғындарынабазар нарқынан 30%-ға төмен бағада сатылымға түсті. Жиналған өнімдердің жалпы құны 67 млн. теңгеден асады.

200 тоннаға жуық өнім түске дейін толық сатылып, арыстықтар жәрмеңкені ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылықтарын білдірді.

Еске салсақ, жәрмеңкеге жеткізілетін өнімдер барлықаудан, қалалардандаму басымдылықтарына сәйкесжинақталған.Ондағы ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі – 37,5 тонна, көкөніс – 55 тонна, сүт өнімдері – 24,4 тонна, бақша өнімдері – 41 тонна, жеміс-жидектің жалпы көлемі – 16,7 тонна, 2 тонна әсел, 5 тонна балық, 14 тонна өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласының түрлі бағыттарында жұмыс істейтін өңірлік ірі кәсіпорындар өз өнімдерін жәрмеңкеге алып келді. Атап айтқанда,«Аманкелді» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Асыл тұқымды Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Бөрте милка» ЖШС (Ордабасы ауданы), «Dala fruit.kz» ЖШС (Сайрам ауданы), «Қайып ата» ЖШС (Қазығұрт ауданы), «Ордабасы құс» (Ордабасы ауданы), «Хамит» СТК (Шардара ауданы) және тағы басқа 22 кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңкеге арнайы Төлеби ауданынан өнерпаздар қатысып, өз концерттік бағдарламаларын ұсынды.