АРЫСТАҒЫ ҮЙЛЕР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕ БАСТАДЫ (фото)

868

Арыста жөндеу жұмыстары басталып кетті. Алғашқылардың бірі болып Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстары іске кірісті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Жалпы қалада 7 708 үй тізімге алынды. Шамамен бұл үйлердің 85%-на зақым келген.

Қазір бүлінген баспаналарды актілеу, есептеу жұмыстары аяқталуға жақындады. Енді қалған өңірлер де бастайды. Барлық аймақтардан жұмысшы бригадалары жиналуда. Бұдан бөлек 66 әлеуметтік нысан — ауруxана, мектеп, мәдениет үйлері бар. Оларды «Самұрық-Қазына» қоры жөндейтін болады. Қордың атқарушы директоры Арман Жетпісбай бастаған топ есептеу жұмыстарын жүргізуде.

Еске салсақ, бүгін қалалық мәдениет үйінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтармен кездесті. Қөше белсенділері, ардагерлер, қоғамдық ұйым төрағалары және қала белсенділерімен өткен жиындаоблыс әкімі әлі күнге қалада төтенше жағдайдан жапа шеккендерге берілетін мемлекеттік көмектерге қатысты түрлі қауесеттің желдей есіп жүргеніне тоқталды.

Осыған орай, экономика және қаржы саласына жауапты облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев жиналғандарға өтемақы ретінде төленетін100 мың теңге қандай тәртіппен берілетінін түсіндірді. Аталған төлем қалада 2019 жылдың 1 маусымы бойынша тіркелген тұрғындарға беріледі. Айта кетейік, Арыс қаласында 45 мыңға жуық тұрғын бар. Қала тұрғындарынан бөлек, қала маңындағы Ақдала, Дермене ауылдарының тұрғындарына да 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленетін болды.