Түркістан: Келес ауданында 8 елдімекенге газ берілді

177

Бұл туралы Аptanews.kz тілшісі хабарлады.

Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етуге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген болатын. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар аяқталып, аталған ауылдық округтерге жүргізілген табиғи газ жүйесіне қосылды.

Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Бірлесу, Сәтбаев, Ақсу елдімекендеріне, Бірлесу ауылдық округінің Қазақстан, 28-гвардия, Дихан, Берекелді елді мекендеріне, жалпы 8 елді мекенге газ құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда 1519 үйге көгілдір отын жеткізілді. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасуға аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып, өзінің ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Келес ауданында жалпы табиғи газ жүйесімен тағы да 5 елді мекен қамтылады деп жоспарланып отыр.