Шымкент қаласының әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

172

Бүгін Шымкент қаласының барлық мешіттерінде Ораза айт намазы оқылды.

Шымкент қаласының Орталық мешітінде де айт намазын оқуға көп адам жиналды.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барша жамағатты мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

— Құрметті бауырлар, қасиетті айдың сауапқа толы күндері аяқталды. Рамазанда иманымызды күшейттік, құлшылыққа көңіл бөлдік. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақамызды, барша игі амалымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Баршаңызды Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Келесі Рамазанға аман-есен жете берейік, — деді қала әкімі.

Жалпы, Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеген жан мол сауапқа кенелмек.

Шымкент келбеті