Түркістан: Жылға елдімекеніндегі мектеп-интернат күрделі жөндеуден өтеді

114

Сарыағаш аудандық ҚДСБ Жылға ауыл округі, Жылға елдімекенінде орналасқан №12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне (мектеп жанындағы интернатына) қатысты жарияланған мақала бойынша аудан әкімдігінің баспасөз қызметі төмендегіні хабарлайды.


Сарыағаш ауданы әкімі орынбасары С.Тасқұловтың 04.10.2018 жылғы шығыс №4655 санды хатына сәйкес Сарыағаш аудандық ҚДСБ Жылға ауыл округі, Жылға елдімекенінде орналасқан №12 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебіне (мектеп жанындағы интернатына) жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологияық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 15.10.2018ж №276 санды ұйғарымы бойынша берілген 41 кемшілік көрсетілген. Аудандық білім бөлімі тарапынан 2400000 тг қаржы қаралып, Сарыағаш аудандық ҚДСБ тарапынан анықталған бұзушылықтардың 31 кемшілік жойылды. Желтоқсан айында мемлекеттік сатып алу арқылы 2400000 теңгеге транспорттық тауарлар жеткізілген. Атап айтқанда, кір жуғыш машина – 4 дана, су жылытқыш – 3 дана, теледидар – 1дана, тоңазытқыш – 2 дана, кереует – 12 дана, тағамдар үстелі – 10 дана, кіреберіс үстелі – 16 дана, шкаф – 8 дана, Себелек кабинасы (душевая кабинка) – 2 дана, диспенсер (су құюға арналған ыдыс) – 3 дана алынған.


Жоғарыда көрсетілген жойылған кемшіліктердің барлығы 2019 жылға дейін орындалған. Сондай-ақ қалған кемшіліктер бойынша №12 С.Сейфуллин жалпы орта мектебі жанындағы интернатына 2019 жылы қалыпқа келтіру үшін жөндеу жұмыстарына 11 млн теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға ағымдағы жылы жөндеу өткізілмек. Атап айтқанда, жылыту құбырлары ауыстырылады, асхана жөнделеді және материалдық-техникалық базасы реттеледі, беседка, балаларға арналған алаңша жасалады. Мектеп-интернатының жөндеу жұмыстары шілде айында, оқу жылы аяқталған соң жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп-интернатында қауіпсіздік ережелері сақталған. Мұнда қажетті өрт сөндіру құрал жабдықтары бар екендігін мәлімдейміз.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі