Шымкентте «Жолдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

188

2019 жылғы 31 мамыр күні Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен республикалық маңызы бар А-2 «Шымкент-Ташкент» автожолында көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Жолдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған акция барысында ұйымдастырушылар 40 тан астам ауыр жүк көліктерін(4 тоннадан асатын көлік)тоқтатып, жүргізушілердің құқықтарын,көліктік бақылау жүргізілу тәртібін түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жұмыстар өткізді.

Аталған акцияға Шымкент көлік прокуратурасы, «Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жергілікті полиция басқармасының өкілдері қатысып,алдағы уақытта да осындай сынды акциялар жалғасатынын айтты.