Түркістан облысында 150 млн долларға күн электр стансасы салынады

173

Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары барысында жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайтын күн электр стансасын салу жөнінде меморандум жасалды, деп хабарлайды Аptanews.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз Түркістан облысының әкімдігі мен «KazPV LTD» ЖШС арасында жүрді. Жобаның жалпы құны — 150 млн АҚШ доллары. Күн электр стансасы қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланады. Стансаның жалпы қуаттылығы 100 мВт құрайды.

Жоба 2019-2021 жылдары іске асырылатын болады. Орналасатын нақты мекенжайы анықталуда. Жалпы аумағы 150 гектарды құрайды. Күн электр стансасы іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.