Сайрамда 21 гектар аумақта жоғары технологиялы жылыжай кешені салынады

178

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістанға сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасында 27 млн долларға Сайрам ауданында аумағы 21 гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді, деп хабарлайды Аptanews.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезеңінде 11 гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде тағы 9,5 гектары салынады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілген.

Жалпы 2017 жылдан бастап, инвестициялық қызметті әртараптандыру шеңберінде, Cottonex компаниялар тобы, Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырған.