Жетісай: Жауын салдарынан зардап шеккен пәтерлер жөнделеді

64

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні «Newtimes.kz» сайтында жарияланған «В Жетысае дома рушатся из-за проливных дождей» атты мақалаға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Бүгінгі таңда жауын салдарынан зардап шеккен пәтерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімі Ж. Бейсенбаевтың тапсырмасымен Жетісай қаласы әкімдігі жанынан құрамында 5 жұмысшысы бар арнайы құрылыс бригадасы жасақталды. Жөндеу жұмыстарын 5 мамыр күнінен бастап жүргізу жоспарланып отыр. Қазір құрылыс материалдары сатып алынып, әзірленуде.

Жетісай ауданы әкімдігі баспасөз қызметі