Шымкент: Электр желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізгені үшін айыппұл қарастырылады

80

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) электр желілері желілерінің күзет аймақтарында жұмыс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығымен бекітілген Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларының (бұдан әрі — қағидалар) талаптарын қатаң сақтау қажеттігін мәлімет үшін жолдайды.

Ереженің 20-тармағына сәйкес, қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыруға, материалдарды жинап қоюға, қоршаулар мен дуалдарды соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге жол берілмейді.

Сондай-ақ, осы ереженің талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 305-бабымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған байланысты,  жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтауды ұсынады.