Шымкент: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Instagram-да тікелей эфирде! (сұрақ-жауап)

5829

Құрметті оқырман, ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ Шымкент қаласында орналасқан филиалының басшылығы Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир ұйымдастырып, филиал өкілдері баспана бойынша көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Таяуда Шымкенттегі Тұран шағынауданындағы тұрғын үй кешенінен тікелей эфирде көрсетілім болды. Бұл ноу-хау əдісі барша оқырманды қызықтыра түсті. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ Шымкент филиалы əлеуметтік желі Инстаграммда желісінде @baspana.kz_shymkent ресми парақшасы халыққа қызмет етуде. Инстада тікелей эфир бір тəулік ғана сақталады. Аptanews.kz оқырмандарының сұрауы бойынша тікелей эфирдегі сұрақ-жауаптың жазбаша нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Оқырман сұрағына жауап берген, ТҮҚЖБ Шымкент филиалы, ОРБ бөлімінің басшысы НҰРЛАН СҰЛТАНОВ.

— Оқырман тарапынан қойылған сұрақтарды мониторинг өткізіп отырасыз. Соларға тоқтала кетсек.

Нұрлан Сұлтанов:

— Жалпы көбіне мынадай сұрақтар кеп жатыр: — Атында мүлкі бар адам ТҮҚЖБ арқылы баспана алуына бола ма? Қазір тікелей брондау жүріп жатыр. Банк сайтына өтіп, «Қолжетімді баспана» (Доступное жилье) тетігін басып, «Тікелей брондау» (Прямое бронирование) графасын басып, тікелей сатылымдағы үйлерді көрсеңіз болады. Бұл жерде кез келген адам қатыса алады.

Тағы да мынадай сұрақ көп қойылады: —«МЕНІҢ ҮШ БАЛАМ БАР, БІРАҚ ҮШ БӨЛМЕЛІ ПƏТЕР АЛА АЛАМЫЗ БА?» немесе бір бөлмелі ғана таңдауым қажет пе? деп сұрақ жолдайды.

Жауабы: — Əр адамның мүмкіндігіне қарай, егер 3 бөлмелі пəтерге мүмкіндігіңіз болса, немесе 2 бөлмеге мүмкіндігіңіз жетсе, бір бөлмелі таңдасаңыз, пəтер бағасының 20% болуы қажет. Пəтерді брондағаннан кейін, міндетті түрде айлық көрсеткішін көрсету керек, соңғы 6 ай көрсеткішіне қараймыз. Сосын тағы бір сұрақтар жиі кездесті: -«Мен ИП боп жұмыс істеймін, базарда жұмысым бар, Жилстрой арқылы ала алам ба?»-деді. Əрине ала алады. Көп адамдар біздің банкті тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана береді деген ұғым бар. Бұл — қате ұғым. Бұл ойды дұрыстау мақсатында айта кетейік, Тұрғын үй қүрылыс жинақ банкі — үй жағдайын ЖАҚСАРТУ мақсатында, КЕЗ КЕЛГЕН ХАЛЫҚ, жинақ шоты бар адамдар қатыса береді.

Сосын тағы бір сұрақтар келді. —«Мен жақында аштым дейді, немесе əлі депозиттік шот ашпағам, қатыса берем бе? Үй ала аламын ба?-деп сұрақ қояды. Осы ТІКЕЛЕЙ БРОНДАУ тəсілі бойынша, жинақ шотын ашпаса да, бронға бірінші өтінішін беріп, сосын бес күн аралығында жинақ шотын ашып, пəтер бағасының 20% құйып ала алады. Бұл енді брондау тəсілі өткен жылдан басталды. Ерекше ұтымды тұсы, жинақтап, үш жыл жинап, немесе бес жыл жинауым керек деп жүрмейсіздер, өзіңіздің ұнаған пəтеріңізге, ұнаған қабатын таңдап ала аласыз! Брондаған кезде, Сіз брондаған пәтерлер, мысалға 4 немесе 3 қабатты белгіледіңіз. Мысалға 28 үй, 5 қабат, 18-ші пəтер деп белгіледіңіз ғой… Ол сайттан сол сәтте жоқ боп кетеді. Яки, өтінім беріп үлгерген пəтер, «ПƏТЕРДІ ТАҢДАУ» тетігінен көрінбей тұрады. Ол өтінішіңіз біздің мамандарға түседі. Бес күн аралығында құжаттар тізімін əкеп, менеджерге тапсыруларыңыз қажет. Менеджер Сіздің айлық көрсеткішіңізді есептейді.

Мəселен мынадай сұрақ түсіп жатады: -«Менің бір балам болса, менің табысымды қалай есептейді?»-дейді. Ол айлық көрсеткішіне байланысты. Біз айлық көрсеткішін есептегенде, мəселен 80 мың теңге айлық болса, ай сайын несиеге төлейтіні — 52 мың теңге шықса, өзі жалғызбасты болса жетеді. Егер бір баласы болса, əр балаға 10 аек (25 мың тг) есептейміз. Егер де айлық көрсеткіші жетпеген жағдайда, халықтың тілімен айтқанда ГАРАНТ, банк тілімен СОЗАЕМЩИК деп айтылады, қосымша екі кез келген кепілгер (созаемщик) тарта алады.

🔖Оқырман сұрағы: Айжан Наурызбай (тікелей эфир барысында) — «Өтініш бергеннен кейін, сенімхат арқылы, бес күн ішінде басқа кісіні жіберуге бола ма?

Нұрлан Сұлтанов: — Сенімхат арқылы беруге болады, бірақ біздің форма бар банктің, жеке формасы болады. Сол арқылы жасайтын болса, əрине болады.

🔖Оқырман сұрағы: Кауменова Гүлден (тікелей эфир барысында) -«Егер, мен жер үй алам десем, 50% құйсам, қалған 50% неше пайызбен бөліп бересіздер?

Нұрлан Сұлтанов: — Өте жақсы сұрақ. Бұл ауызекі тілде вторичка деп айтылады. Өзінің ұнаған үйін, жер алуға болады. Егер де үй алатын болсаңыздар, қаладан алатын босаңыз, сол жер үйді тауып, 50% құйып, айлық көрсеткішін растап алуға болады. Мысалыға 13 жылға оформление жасалды деп есептейік, бірінші бірден ақшаны салатын болсаңыз, онда 8,5% бен үш жыл төлейсіздер. Үш жылдан кейін, ол 8,5%-дан 5%-ға ауысады. Тек 13 жыл емес, одан да ұзақ мерзімге алуға болады. Ол клиенттің өзінің шамасына қарай алуына болады. Егер де депозит оның алдында ашылған болса, тіпті жақсы, үш жыл емес, екі жылда ауысып кететін жағдайлар бар. Бұл ОП, оценочный показатель деп айтылады, ол жинаған ақшасының бағасына қарай, мерзіміне қарай өзінің көрсеткіші арқылы алуға болады.

🔖Нұрлан мырза, өзіңіз білесіз, көптеген салымшыларымыз өткен жылдан бері сұрап жүрген, АДЦ, Əкімшілік Іскерлік Орталықтағы үйлер, қашан беріледі, қай кезде беріледі деген сұрақтарға, нақтылама жауап беріп өтсеңіз….

-Иə, осы сұрақты көбінесе қойып жатыр. Бұл, жалпы мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын үйлер, ƏІО (АДЦ) жəне Шымкент Ситиде салынады. Ол үйлерге кез келген азаматтар қатыса береді. Үй кезегінде тұрған адамдар да қатыса алады. Ол балдық түрде өтеді. Кімнің балы жоғары сол конкурстан өтеді. Ол конкурсқа жаңағы «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысу үшін, міндетті түрде жинақ шоты болуы керек. Сол себепті, біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттік бағдарламаның басты операторы ретінде белгіленген. Банктің негізгі жұмысы — несие беру, конкурс ұйымдастыру, депозит ашу осындай жұмыстар кіреді. Ал, үйдің қашан болатындығы, оның жаңағы ход строительство дейді ғой, құрылыс барысына заказчик, тапсырыс беруші жауапты. Тапсырыс беруші ол — ЖАО. Əкімдік бізге қашан үйді тапсырады, сол уақытта біз өзіміздің сайттарда, сыртқы сайттарға жариялайтын боламыз. Бірақ қай күні болатыны, дəл уақыты белгісіз. Ол тікелей əкімдікке байланысты. Ол үй берілген жағдайда, біз міндетті түрде жариялаймыз. Банткің инстаграммдағы ресми парақшасы baspana.kz_shymkent хабарландыру жариялаймыз. Бірақ дəл мынау күні деп күнін айта алмаймын. Себебі бəрі əкімдікке байланысты.

🔖 Оқырман сұрағы: Бағлан Жансая (тікелей эфир барысында) — «Əскери баспана» бағдарламасының первичный жəне вторичный туралы айтып бересіз бе?

Нұрлан Сұлтанов: — Əскери баспана бойынша, жақында өзгеріс болады. Жалпы, бұдан алдын «Əскери баспана» бойынша өткен адамдар ол балды түрде өтеді. Ол қанша жыл əскери қызметте болғаны, бала-шағасын, отбасында мүгедек бала бар ма, жоқ па, арнайы санатқа қарай конкурстан өтеді. Енді ол конкурстан өткен азаматтар бұл жерде 3 түрлі бағдарлама бар. Бірінші — 5% бастапқы жарна, жаңа үйлерге. Екінші — 8/20 жаңа үйлер, 8% мөлшерлеме 20% бастапқы жарнамен тек жаңа үйлерден алу. Одобрение алғандар қыркүйектің 30 жұлдызына дейін уақыт бар. Сол конкурстан өткен адамдар ала алады. Үшіншісі — Қайталама нарықтан 8/20 деп аталады. 8% мөлшерлеме, 20% бастапқы жарнамен. Жаңа айтып өттім, пром.заем бойынша саман үйлерді алмаймыз. Оны ескеру керек. Саманный үйлерді 2012 жылдан бергі үйлерді аламыз. Бірақ, барлық периодқа страхование жасап алуға болады. Жоғарыда айтқан əскери қызметкерлер кепілдік саясатқа (залоговая политика) байланысты өзіне ұнаған үйді ала алады. Бұл жерде қалаған үйлерден ала алады.
Сосын қазір жаңа бағдарлама шығып жатыр. Жақында келеді. Жақында біз əскери бөлімдерді түгел аралайтын боламыз. Жаңа бағдарлама бойынша, пайыз мөлшерлемесі 8% болады, алғашқы жарнасы 15% болады. Бұл жерде КОНКУРС деген нəрсе болмайды. Кез келген əскери қызметкер, өзі келіп, өтінішін беру арқылы, 15% жарнасын құйып, айлық көрсеткішін көрсету арқылы немесе «жилищный выплатасын» көрсету арқылы жаңа үйден де, қайталама нарықтан да үй таңдап, баспаналы бола алады.

🔖 Оқырман сұрағы:«Төлем қабілетті растай алмаймын.Қаражат салып жүргеніме екі жыл болды, бірақ айлық көрсеткішімізді көрсете алмаймыз. Қалай баспана ала аламыз?» (Тікелей эфир барысында)

Нұрлан Сұлтанов: — Жұмыссыздарға біз несие бере алмаймыз шыны керек. Міндетті түрде аз ғана болса да 6 ай көлемінде айма-ай зейнетақы қорына ақша түсіп тұруы керек. Немесе жаңағыдай ИП-сы бар, жеке кəсіпкеріміз көп ғой енді бізде, оңтүстік өңірінде. Міндетті түрде айлық көрсеткіші болуы керек. Ол біздің ғана талабымыз емес, ол Ұлттық Банктің жалпы екінші деңгейлі банкке қойған талабы. Міндетті түрде айлық көрсеткіші болуы керек.

🔖Оқырман сұрағы: Айнұр Нұрсеитова (тікелей эфир барысында) — Саламатсызба, ТҮҚЖБанкінде депозитім бар, Семей қаласынан ашылған. Сол депозитімді анамның атына ауыстырып, қазіргі Жас Отау тұрғын үй кешенінде өтіп жатқан конкурсқа қатысуыма бола ма?»

Нұрлан Сұлтанов: — Əрине болады. Тек ғана құжаттарды алып келсеңіздер, туу туралы куəлігі, жеке куəлігі қажет болады. Осы банктің бөлімшелеріне келіп, ауыстырсаңыздар болады. Бірақ анасына беретін жағдайда, айлық көрсеткіші болуы керек. Сол жағдайды ескеру керек. 65 жасқа дейін қабылдайды. Одан асса айлық көрсеткішін қабылдай алмаймыз.

🔖Оқырман сұрағы:«Жаңадан үйленгендерге қалай баспана алуға болады, қазір баспанасыз жас отбасылар көп» (Тікелей эфир барысында) Екінші сұрағы: -«Мұғалімдерге қандай жеңілдіктер бар?»

Нұрлан Сұлтанов: — Жаңа жоғарыдағы сөзімде айтып өттім. Бұл енді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі адамдарды категорияға бөлмейді. Санатқа бөлінбейді. Көп балалы, жалғыз басты, мемлекеттік қызметкер, бюджет, жеке кəсіпкер, бір балалы, Жас отбасы деп санатқа бөліну жоқ бізде. Бəріне тəртіп бірдей. Тек ғана бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін, жинақ шоты болу керек. Бір ерекшелігі бар, егер де Сіз «Нұрлы жер» бағдарламасымен АДЦ үйлері, Шымкент Сити үйлеріне конкурсқа шыққан жағдайда, үй кезегіне тұрған болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы өткен кезде, мысалыға мың пəтер берілетін болса, сол пəтердің тең жартысы кезекте тұрған адамдар арасында өтеді. Конкурс ойнатылады. Мен мың пəтер деп, мысал ретінде айтып отырмын. Мысалыға 1 мың пəтер болатын болса, соның 500-і біздің салымшылар арасында өтеді. Қалған 500-і үй кезегінде тұрған адамдар арасында өтеді. Кезекте тұрғандар да міндетті түрде ТҮҚЖБанкінде салымшы болуы керек. Салымшы болмасаңыз, өтініш бере алмайсыз жеке кабинеттен. Өтінім Баспана.кз. сайты жеке кабинет арқылы беріледі. Ең жеңілдігі жаңағы кезекте тұрған адамдар ішінде барлық категория араласып тұрады. Көп балалы, жетімдер, бюджет, мемлекеттік қызметкер санаты бəрі бірге араласып тұрады. Сол кезде олар конкурс арқылы өтінім беріп қатыса алады. Конкурс болған кезде кезектегі тұрғандар арасында болады. Ол жақтан өтуге кішкене де болса да мүмкіндігі бар. Себебі біздің салымшылар сонау 2005 жылдан жинап келе жатқан салымшылар бар. 2010 жылдан да бар. Солардың арасынан конкурстан өту кішкене қиындау. Енді қиындау болғанда, бəрінің мүмкіндігі бар, сол себепті қатысып көрсеңіздер болады. Жалпы конкурс өтініш бергендердің арасында болады да, мысалыға 1000 пəтерге мың адам өтсе, үй кезегінде тұрғандар да, сол мың пəтерден арасында өтеді.

🔖 Нұрлан мырза, Сізге оқырман тарапы алғыс жаудырып жатыр. Қаншама ақпарат алдыңыздар. Банк ресми парақшасында өтіп жатқан тікелей эфирде, тапжылмай 30 минут жауап бердіңіз. Алғыс айтамыз Нұрлан мырза! Оқырман тарапынан сұрақ: -«Əскерилерге қашан үй бересіздер, 1,5 млн тг депозитте жинаған едім?» -Жалпы бұл сұраққа жоғарыда жауап беріп өткенбіз..

Нұрлан Сұлтанов: — Тағы бір қосып айта кетсем. Осы мамыр айының 1 жұлдызынан бастап, жалпы əскери қызметкерлердің бəріне осы ақпаратты жеткізетін боламыз. Құдай қаласа, осы бағдарламаны бастаймыз. Алғашқы жарнасы 15%, пайыздық мөлшерлеме 8%. Кез келген əскери адам өзінің 15% құйып, айлық көрсеткіші немесе тұрғын үй төлемақысын көрсетіп, жаңа үйден де, қайталама нарықтан да таңдап ала алады.

Тұрғын: -Бұл өте жақсы ұсыныс екен, мысалыға Қайтпас ш.а.
ұнатты ма, Теріскей ш.а. ұнатты ма қалаған үйін ала алады ма?

Нұрлан Сұлтанов: — Қалаған жерінен ала алады. Тек ғана бізде шектеу бар. Алыс ауылдардан берілмейді. Қала жəне аудан орталықтары, Астана, Алматы басқа қалалардан да алуына болады.

-Керемет қой, тамаша мүмкіндік.

🔖Оқырман сұрағы: -«Бақытты отбасы» 2% бағдарлама қашан басталады?

Нұрлан Сұлтанов: — Ол бағдарлама бойынша қазір үлкен талқылау боп жатыр. Бұйырса мамыр айында жоспарланып отыр. Бірақ жалпы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы беріледі. Көп балалы Аналарға, жалғыз басты аналарға жəне əоеуметтік əлсіз топ қатарындағы отбасыларға беріледі. Енді ол жерде де шектеу бар. Ол туралы осы инстаграмм желісіндегі банктің ресми парақшамызға салатын боламыз. @baspana.kz_shymkent. Бұл бағдарламаның механизмі əлі толық шықпады. Алдағы уақытта парақшамызда хабардар етеміз.

🔖 Оқырман сұрағы: «Мемлекеттік сыйлықақы биыл қанша болмақ?»

Нұрлан Сұлтанов: — Мемлекеттік сыйлықақы ол, осы жылдың аяғына дейін əр салымшы 505.000 тг жинаған жағдайда, 101.000 тг қосылады. Максималді сома 101 мың тг болғандықтан, салымшыларға «Отбасылық пакет» деген бағларламаны ұсынамыз. Жолдасы болса, інісі болса, баласына, өзіне ақшаны бөліп салса, əр шотқа 101 мың тг сыйлықақы қосылады. Ал баспана алатын жағдайда, барлық шотты сыйлықақымен бірге біріктіре алады.

-Осымен құрметті достар, бүгінгі тікелей эфирдегі сұхбатымызды аяқтайық, барша салымшылар, оқырман атынан алғыс айтамыз, уақыт бөліп, қарапайым тілмен əдемі жауап бергеніңізге рахмет, Нұрлан мырза! Оқырманға айтар тілегіңіз…

Нұрлан Сұлтанов: — Барша оқырманға бақыт тілеймін! Шаңырақтарыңыздың іші тек шаттыққа толсын! Баршаңызға баспана бұйырсын!

🔖 Эфирде қайта жолыққанша! САУ СƏЛЕМЕТТЕ БОЛЫҢЫЗ, АҒАЙЫН!