Белгілі журналист Ержан Жүніс жаңа қызметке тағайындалды

296

Белгілі журналист Ержан Жүніс «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Qazaq radiolary» ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды.

Ержан Қошқарәліұлы бұған дейін «Qazaq radiolary» ЖШС директорының кеңесшісі болып қызмет етіп келген болатын.

Е. Жүнісов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «журналистика» мамандығын тәмәмдап, Ыстамбұл қаласы «Мармара» универсиетінің «Радио, телевидение және кино» мамандығы магистратура бағдарламасы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ редакторы қызметінен бастап, әр жылдары жаңалықтар бөлімінің корреспонденті, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері болған. 2013-2018 жылдар аралығында «Хабар» Агенттігі АҚ «Хабар 24» арнасы халықаралық ақпарат бөлімінің Түркия Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысы қызметтерін де атқарған.

Дерек көзі: ulys.kz