Шымкентте «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы іске қосылды

719

Бүгін Шымкентте «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы іске қосылды. Яғни, 15 сәуірден бастап Шымкентте жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жүзеге асты.

Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған «Мен кәсіпкер боламын!» бағдарламасы 5 бағыт бойынша көрсетіледі.

1. Жастар және әйелдер кәсіпкерлігіне 1% жеңілдікпен несие беру;

Бағдарламаға 21-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер және 21-58 жас аралығындағы кәсіпкер әйелдер (ЖК немесе заңды тұлға) қатыса алады;

2. Шағын агрофермаларды ұйымдастыру үшін жер учаскелерін беру;

3. Көше саудасы объектілеріне жер учаскелерін беру;

4. Электрондық коммерцияны қаржылық ынталандыру;

5. Франшизаны қаржыландыру.

Кәсіпкерлер сондай-ақ заңгерлік, бухгалтерлік қызметтерді, бизнес-жоспарлауды, бизнесті сүйемелдеуді, «Атамекен» ӨКП қызметтерін, ХҚКО, РФ «Даму «КДҚ», кедендік қызметтерді, логистика және рұқсат беру құжаттары бойынша қызметтерді, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігі басқармаларының қызметтерін ала алады.

📍Мекенжай: Шымкент қаласы, Бəйдібек би даңғылы, «Қайнар» бизнес орталығы, (Бəйдібек би ескерткішіне қарама-қарсы).

Асхат Қанаев