СОЗАҚ: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТА ТУЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

222

Облыс орталығы киелі Түркістан қаласынан «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасы Созақ ауданында жалғасын тауып, екі апта бойы, ауданында дөңгелек үстелдер, көрмелер, флешмоб, акциялар ұйымдастып, өңір жастары оған белсене қатысты.

Бүгін 12 сәуір күні аталған марафон  Қаратау елі Созақ ауданынан берекелі Бәйдібек ауданының жастарына салтанатты түрде табыстады.

Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсімі аудандық мәдениет үйінде өтті.  Эстафетаны салтанатты тапсыру рәсіміне жалпы 200 — ге жуық жастар қатыстып патриоттық әндер шырқады.

Іс-шараға арнайы қатысқан Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ғ.Асанұлы марафон құттықтау сөз сөйлеп, белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хат тапсырды.

Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізіліп, жастардың зор қызығушылығын туғызып отыр.

Айта кету керек, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ ауданында өтті. Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жалпы, марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді.

       Аудан әкімінің баспасөз қызметі