Елдігімізді ардақтап, ел ертеңіне сенім артатын кез

133

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуін теледидардан мұқият тыңдадым. Мемлекет басшысының алдағы Президент сайлауына қатысты бұл үндеуі, шын мәнінде, еліміздің ертеңіне жаңаша серпін беретін, алдағы бағыт-бағдарын айқындаған маңызды үндеу болды.

Тәуелсіз Қазақ елі бүгінде өркениетті елдермен иық тірескен дәрежеге жетті. Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлігінің арқасында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Мұның бәрі Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың жемісі деп білемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде: «Елбасының сара жолын жалғастырамыз» деп баса айтты. Сондай-ақ алдағы 9 маусымда өтетін Президент сайлауының таза, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін деді. Бұл – халықтың болашаққа деген сенімін нығайтатыны сөзсіз.

Қазақстан қазіргі таңда дүниежүзі қауымдастығы алдында беделді әрі үлкен құрметке ие. Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев егемендік алғаннан кейінгі аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздіктің Туын көтерді. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Ел жастарына үлкен қамқорлық жасалуда. Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралап, өзінің көп қырлы саясатын қалыптастырды. Бұл — Қазақстанның демократиялық қоғам құрудағы үлкен белесі деп ойлаймын. Осы орайда, шымкенттіктерді алдағы кезектен тыс президенттік сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Біржан БАЙТУОВ,

ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері