Шымкентте алғаш рет жеткіншектерді кәсіпкерлікке баулитын жәрмеңке өтті (фото)

157

Шымкентте алғаш рет балалар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкені «Shymkent» ӘКК» АҚ мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған.

Арбатта өткен жәрмеңкеде 6-14 жас аралығындағы 100-ге жуық жеткіншек өздері жасаған тауарлары мен бұйымдарын ұсынды.

– Жәрмеңкенің мақсаты — балаларды кәсіпкерлікке баулу. Осылайша олар бір күн бойы өздерін кәсіпкер ретінде сезініп көреді. Бұл балалардың өз еңбегін бағалауға, қадірлеуге үйретеді әрі жұмыс істеуге қызығушылығын оятады, — деді «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені аралап көріп, балалардың еңбегімен танысты. Б.Нарымбетов жәрмеңкеде алғаш болып 7 жасар Алина мен 9 жасар Әлімжанның қолөнер бұйымдарын сатып алды.

Дерек көзі: «Шымкент келбеті»