Шымкентке маусымның соңына дейін 300 жаңа автобус әкелінеді

71

Бұл туралы «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

— Шымкенттіктерге айтарым! Осы жылдың маусым айының соңына дейін Шымкентке 300 жаңа автобустар қосылады. Бір жыл ішінде 300 жаңа автобус 60 млн. жолаушыға дейін тасымалдайды! Бұл, шымкенттіктер лық тола автобустармен жүрмейді деген сөз! Сонымен қатар, біз кондукторлардың жолаушылармен дұрыс жұмыс істеу мәдениетін енгізетін боламыз! Бұл мәселе қала әкімінің бақылауында, — деп жазды ол Фейсбукте.

Скриншот. Р. Аюповтың фейсбук парақшасынан

Еске салсақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 15 ақпандағы халыққа есеп беру жиыны кезінде Шымкентке биыл жаңадан 1 мың автобус сатып алынатынын айтқан болатын.

— Шымкент қаласына биыл 1 мың жаңа автобус алуды жоспарлап отырмыз. Оның 300-і жазда, ал қалғаны күзге таман əкелінеді. Жалпы қоғамдық көлік мəселесінде жақын арада үлкен өзгерістер болады. Таяу уақытта қалада жаңа автопарк ашуды қолға алмақпыз. Ол кезде 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады, – деген еді шаһар басшысы есеп беру кездесуінде.