«Қазақ сарбазы» Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

128

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, «Қазақ сарбазы» атты лақап аты бар, WBC тұжырымдамасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы Садриддин Ахмедов 24 наурыз күні Алматыда өтетін бокс кеші аясында титулды жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Бұл кездесуде боксшы WBC Asia титулын иелену үшін жұдырықтаспақ. Әзірге қарсыласы белгісіз.

«Ассалаумағалейкум барша қазақ бокс жанкүйерлері! Сіздермен өзімнің жақсы жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Алла қаласа 24 наурызда қазақ елінде, яғни Алматы төрінде өзімнің сегізінші жекпе-жегімді өткіземін. Барлықтарыңызды нағыз қазақ боксын көруге шақырамын және сіздерді нағыз үлкен шоумен бөліскім келеді. Қзірге бар жаңылықтарымыз осы. Дайындық жақсы деңгейде өтіп жатыр. Келіп колдау көрсетіп, барлық қазақ боксшыларына жанкүйер болғандарыңызды қалаймыз! Жекпе-жек «Алматы Аренада» өтеді. Бұл кездесуде ересектер арасындағы WBC Asia сарапқа салынатын болады» деп жазған.

Еске салсақ, «Қазақ сарбазы» соңғы рет 27 қаңтарда шаршы алаңға шығып, Канаданың Монреал қаласында 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті төртінші раундта нокаутқа түсірген еді. Осылайша, WBC тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы «жастар» чемпионы атанды.