«Ордабасы» командасы алғашқы турда «Шахтерді» 3:0 есебімен жеңді

748

Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының бірінші турында өз алаңында Қарағандының «Шахтёр» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, «Ордабасының» биылғы алғашқы ресми ойынына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы келіп тамашалады. Алғашқы тайм 0:0 есебімен аяқталды.

Есеп матчтың 70-ші минутында ашылды. «Ордабасының» алғашқы голын биылғы маусымда Жоао Пауло соқты. Араға 7 минут салып алаң иелері өз қоржындарын молайта түсті. Екінші голды «Шахтердың» қақпасына Махлангу Май Сифиве салды. Небәрі 3 минуттан кейін-ақ Жоао Пауло қарсыластар қақпасына кезекті гол салып, есепті қорытындылады.

Шымкент командасының келесі ойыны 15 наурызда жұма күні болады. «Ордабасы» өз алаңында «Актөбені» қабылдайды.