Шымкентте алғаш рет өндірушінің өнімін делдалсыз сататын орталық ашылды

129

Шымкент қаласында алғаш рет өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылатын «GraMad» көтерме тарату сауда орталығы ашылды. Мұнда делдалдық қызметсіз өндіруші өнімдері тікелей тұтынушыға ұсынылады. Орталықта көтерме, бөлшек сауда, логистикалық бағытта және темір жол тұйығы жұмыс атқарады.

Гипермаркеттің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин қала жұртшылығын осынау маңызды обектінің пайдалануға берілуімен құттықтады.Сонымен қатар әкім орынбасары «Біздікін сатып ал» акциясы шеңберінде қолға алынған «Шымкент өнімдері» сауда алаңшасымен танысып, барлығын жергілікті өнімдерді сатып алуға шақырды.

«Шымкент өнімдері» сауда алаңшаларының тауарлары орташа нарық бағасынан 10% төмен бағада ұсыну жоспарланған. Аталған орталықтың жалпы алаңы 11 мың шаршы метр, оның ішінде сауда алаңы 3,5 мың шаршы метр, логистикалық қоймалар алаңы 7 500 шаршы метрді құрап отыр.

Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау тапты. Жалпы 3,5 млрд. теңге жеке инвестиция құйылып, 200 ден аса жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.

Айта кетсек, орталық Шымкент қаласындағы Жібек жолы көшесі, 58 үй мекенжайында орналасқан.