Шымкентте алғашқы электрондық коммерция орталығы құрылады

313

Еліміздің үшінші мегаполисінде электрондық коммерцияны дамыту қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазпочта» АҚ және «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арасында үш жақты ынтымақтастық меморандумы түзілді.

Меморандум аясында қаланың алғашқы электрондық коммерция орталығы ашылатын болады. Бұл жұмыстар Шымкент қаласы әкімдігінің 2019-2021 жылдарға арналған жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде атқарылып отыр.

Бұл жоспарда электрондық коммерцияны дамытуға ерекше назар аударылған. Мысалы, әзірленген қолдау шараларының бірі Қазақстан мен Өзбекстан бойынша Шымкент интернет-дүкендерінің тауарларын жеткізуге жұмсалатын шығындарды өтеу көзделген.

Тауарларды жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бір терезе қағидасы бойынша бизнес үшін бірыңғай қызмет супермаркетін ашу қарастырылған.Құрылған «Бизнес-супермаркет» аумағында «Қазпошта» АҚ-мен бірлескен Шымкентте алғашқы электрондық коммерция орталығы құрылады.

Онда е-commerce саласында алғашқы қадамын жасайтын кәсіпкерлер қайтарымсыз негізде оқытудан өтеді және меншікті сауда интернет-алаңдарын әзірлеуде, халықаралық сауданы жүзеге асыруда әдістемелік көмек алалады.