Түркістандық жастар қазыналы қариялармен келелі мәселелерді талқылады (фото)

259

Бүгін киелі Қазығұрт тауының етегінде жатқан «Ынтымақ үйі» атындағы дәстүрлі ақсақалдар кеңесінің үйiнде қазыналы қарттар мен түркістандық жастар өкілдері бас қосып, қоғамымызда белең алған келелi мәселелерді талқылады.

«Аталар сөзі — ақылдың көзі» дейді халық даналығы. Тipлiктiң тындырымды, бірлiктiң жарасымды болуының бірден-бір бағыты — тәлімi мол тәрбиеден бастау алары анық. Ел iшiнде ұлықты ұлымыз бен қылықты қызымыздың қалыптасуы, үлкенге деген құрметтің, кiшiге көрсетер iзеттiлiктiң кеңінен құлаш сермеyi, салт-дәстүр мен ата дiнiмiздiң асқақтауы да дұрыс берiлген озық тәрбиенің, жас ұрпаққа көрсете білген жақсы өнеге мен үлгінiң нәтижелі жемici.

Қазығұрттағы бүгінгі келелі жиынды жастармен бірге өткізуге ұйытқы болған Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар ici жөніндегi басқармасы басшысының орынбасары Марат Сәдібектің айтуынша, аға буынмен мұндай жүздесулер жиі өтіп тұрса, оның жастарға, жалпы қоғамға берер пайдасы мол.  

– Бұл «Ынтымақ үйі» негізін 70 жыл бұрын қалап, атадан балаға дәстүрге айналған әр жексенбі тұрақты түрде жиын өтіп, өңірдегi өзекті мәселелердің оң шешiмiн тауып, өркендеуiне септiгiн тигiзiп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатты. Мұнда аузы дуалы көптi көрген ақсақалдар елдің ауызбірлігін сақтауға, нығайтуға өз сүбелі үлестерін қосып келеді. Қазағымыздың ұлттық сусындары бой көтерген бұл жиында бүгінде біраз тақырып талқыланып, шешiмiн тапқанының куәсі болдық. Менiңше облысымыздың, атамекенімiздiң әрбір өңірінде ата-бабамыздан мирас болған осы үрдіс жалғасын тапса, жұртқа жүк болған көп жағдай өз шешiмiн оңай тауып, бірлiгiмiз бекемделiп, құндылықтарымыздың қасиеті арта түсерi сөзсiз, – дейді жастардың жанашыры, ұлтжанды басшы азамат Марат Сәдібек. 

Айта кетерлігі, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар ici жөніндегi басқарманың алдындағы басты мiндеттерiнiң де бастысы осы отбасылық құндылықтарымызды жан-жақты дәріптеу, балалар құқығын қорғап, елдің тiзгiнiн ұстар жастарымыздың бойында отансүйер биік ұстаным дарытар тәрбиеге баулу.

Бүгінгі басқосу барысында ел мен жер тарихынан сыр шертіліп, ел ағалары ұлағатты әңгіме өрбітті. Жиын соңында қариялар жастарға ақ батасын беріп, еліміз тыныш, жұртымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп ізгі лебіздерін жеткізді.

Рас, «Жақсы қартая бiлу — ұрпаққа ұлы өнеге бола бiлу» деген, демек әр өңірде осындай нағыз қазыналы қарттарымыздың қасиетін, үрдісін кеңiрек насихаттап, елдің бесiгiн бүгіннен түзеуге атсалысуға тиicпiз. Себебі біздегi мақсат бір, ол — егемен елiмiздiң елдігiн шыңдау, ынтымағын ұлықтау. Әрбірiмiздiң абыройымыз атамекенімiздiң мүддесімен бірге асқақтарын ұмытпайық!