Жастар жылы аясында Шымкентте 2-3 ақпан күндері инновациялық идеялар фестивалі өтеді.

131

1 ТӘУЛІКТЕ ҚАРЖЫЛАЙ ЖҮЛДЕ ҰТЫП АЛ!

Қалай дейсіз ғой? Ол үшін сіз 10-11 сынып оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенті, яғни жас болуыңыз шарт.

ЕРТЕҢ: 2 ақпан Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында, сағат 10:00-де «#Жастар_жылы» аясындағы «U:hack» инновациялық идеялар фестивалі бастау алмақ. 2 ақпан күні бастау алған фестиваль 3 ақпан күні, яғни 1 тәулік өткенде қорытындыланады.

24 сағатта ойда жүрген идеяңызды жобаға айналдырып, миллионды ұтып алуға болады! «U:hack» – бұл кез келген жастың креативті идеясын жоба прототипіне айналдыратын фестиваль. Нәтижесінде, ең үздік идеялар жүлдеге ие болса, жалпы қатысушыларды, бастамашыл жастарды әріптестік ұсыныстар күтеді.

Алғаш рет өтетін #Uhack идеялар фестивалі мынадай секцияларды ұсынып отыр:

– IT;
– Контент және медиа;
– Кино және видео;
– Кәсіпкерлік.

Түнгі уақытта да ұйықтамай жұмыс істейтін қатысушылар үшін «Chaplin’s Coffee» және «Global Coffee» кофейнялары ашық болады. Фестиваль ұйымдастырушылары – «U:projects» ҚБ және «Shymkent» ӘКК» АҚ.

Фестивальге қатысу үшін www.uhack.kz сайтына тіркелу қажет. Ақысыз. Фестиваль үш тілде өтеді. Қатысушылар спикерлердің қызықты әрі пайдалы лекцияларын тыңдай алады. Фестивальде әлеуметтік желілерге де баса назар аударылмақ.