Журналистер одағының Түркістан облыстық филиалының тұңғыш төрағасы тағайындалды

101

Бүгін облыс орталығы — Түркістан қаласында аймақ тілшілерінің қатысуымен ҚР Журналистер Одағының облыстық филиалы құрылды. Филиал төрағасы болып бірауыздан «Егемен Қазақстан» газетінің өңірдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай сайланды.

Ғалымжан Елшібай 1975 жылы Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Ғалымжан Қамытбекұлы 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Төлеби аудандық газетінде корректорлықтан бастады. Кейіннен ұзақ жылдар бойы «Жас Алаш» газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды. Бүгінгі таңда республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі.


Ғалымжан Елшібай өз ортасында ұйымдастырушылық қабілетімен, көшбасшылық қасиетімен көзге түскен азамат. Ол түстікте меншікті тілшілер клубын құруға ұйытқы болып, жетекшілікті өз қолына алды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің басын біріктірген «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі төрағасы.

Біз Ғалымжан Қамытбекұлына жаңа жұмыста табыс тілейміз!