Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

119

Аудан әкімі Болатбек Қыстауовтың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №1-3ө өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 2-тармағына сәйкес, Қалшабекова Орынша Лесбайқызы Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орынша Лесбайқызы 1972 жылы 2 наурызда Келес ауданы, Абай селосында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент бөлімін филология факультеті бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1989-1990 жылы Шардара қаласындағы Шардара орта мектебі жанындағы оқу-өндірістік комбинатында секретарь-машинистка болып бастады. 1990-1991 жылдары Шардара ауданы, Қазақстан ауылындағы «Қазақстан» орта мектебінде тәлімгер, 1996-1998 жылдары Шардара аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі, 1998-2007 жылдары Шардара орта мектебінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, М. Әуезов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты директорының бейіндік істер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2007-2013 жылдар аралығында Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің инспекторы, жетекші маманы, бас маманы, 2013-2017 жылдары «Қоссейіт» жалпы орта мектебінің директоры, 2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі таңға дейін аудандық «Өскен өңір» газетінің баспасөз хатшысы болып қызметтер атқарды.