Түркістан – шырайы мен әлеуеті артқан шаһар

491

Түркістан облысының орталығы — Түркістан шаһарында «Mega city» ойын-сауық кешені ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Қаланың «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» айналма жолы бойында орналасқан сауда орталығының аумағы 15000 шаршы метр.

Іргетасы 2014 жылдан бастап қалана бастаған сауда үйінің жалпы құны 2,5 млрд теңге. Нысанның негізгі бағыты ойын-сауық, сауда орындарына арналған.
Тәулігіне 800 адамға дейін қызмет көрсетуге ыңғайластырылған ғимарат толықтай жұмысына кіріскенде жергілікті 200 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туындайды.
«Mega city» ойын-сауық кешені заманауи талаптарға сай бой көтерген. Онда көпшілікке арналған тамақтану орындары мен «MegaCinema» кинотеатры, балалар үшін соңғы үлгідегі автоматтандырылған ойын атракциондары бар. Сонымен қатар, гипермаркеттер де қарастырылған.