Тәуелсіздік күніне орай бірқатар шымкенттіктер марапатталды

111

Шымкент қаласындағы «Түркістан» салтанат сарайында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарын еліміздің ұлы мерекесімен құттықтады.

   

– Биыл еліміз егемендіктің 27 жылдығын атап өтіп отыр, — деді әкім. — Осы жылдар ішінде Қазақстан заманауи, демократиялық мемлекетке айналды, мемлекетімізді бүкіл әлем таныды. Тәуелсіздік біздің ата-бабамыз армандаған жетістіктерге жеткізді. Ел экономикасы нығайып, қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түсті. Қазақстанның дамуына Шымкент тұрғындары да үлес қосуда. Биыл біздің қаламыз Елбасының Жарлығымен республикалық қала дәрежесіне ие болды. Мегаполистің тұрғындарының саны артып, көптеген әлеуметтік және мәдени нысандар бой көтеруде. Мен баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын және молшылық, амандық пен зор денсаулық тілеймін!

   

Салтанатты жиында бірқатар шымкенттіктер мемлекеттік және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, елдің әлеуметтік-қоғамдық дамуына сіңірген еңбектері үшін «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар, дәрігерлер мен БАҚ және мәдениет саласының өкілдері, әскери қызметшілер мен коммуналды қызметтің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.

   

Салтанатты жиынның соңы Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен қала өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасты.

shymkent.gov.kz