Кіл мықтылар Түркістан төрінде

32

Түркістандағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстағы мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өтіп жатыр.

Дүбірлі сайысқа облыстағы жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменттерінен құралған 40-қа жуық команданың 300-ден астам қызметшілері қатысып жатыр.

Жарыстың ашылу салтанатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев спортшыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде әрбір азамат денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануы керек екенін жеткізді.

Түркістан облыстық денешынықтыру ждәне спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айтмахаметәлі Бердашевтің айтуынша, осындай жарыстар арқылы бұқаралық спорт дамиды.

Жарысқа тәжірибелі төрешілер төрелік жасауда. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының кубогы, грамотасы және медальдарымен марапатталады.