Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Өз үйім» бағдарламасымен құжат қабылдауда

464

Шымкент қаласы «Күншығыс» шағынауданы Пазиков көшесі 21 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге өтінімдер қабылдануда, деп хабарлайды Аptanews.kz ақпарат агенттігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қ., «Күншығыс» шағынауданы Пазиков көшесі

ТҮҚЖБанкінің өкілі Жанна Тулендиеваның мәлімдеуінше, «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру жолымен, Банк салымшылары нысанның өткізілуін ұйғару үшін дауыс береді. Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласы Қ. Төлеметов көшесі 69/38 көппәтерлі тұрғын үй кешені мен «Тұлпар» шағынауданындағы үйлер конкурс бойынша өтінімдер қаралып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы пәтерлер берілуде. «Тұран» шағынауданындағы пәтерлер де таяуда беріледі деп жоспарлануда.

Бұл жолғы жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер Шымкент қ., «Күншығыс» шағынауданы Пазиков көшесі, 21 мекенжайында орналасқан, нысан коды – 1057.

Құрылыстың аяқталуының болжамды мерзімі: 12.03.2018 ж.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 180 000 теңге.
Жайлылық класы: 3 класс
Пәтер саны: 6
Пәтер типтері: пул №1, 2-бөлмелі: 4 пәтер, максималды ауданы – 58,80 ш.м
Пәтер типтері: пул №2, 2-бөлмелі: 2 пәтер, максималды ауданы – 66,00 ш.м

Қатысуға өтініш беру мерзімі: 26.11.2018ж. бастап 12.12.2018ж. дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 13.12.2018 жыл.

Өтініштерді Банктің baspana.kz интернет-ресурсындағы беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты, берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Алдын ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін.

Егер Сізде есепшот болмаса, ТҮҚЖБанкіне мына нөмірге хабарласып жазылыңыз: 8775-327-07-53.

Бағдарламаға қатысуға өтініш бере отырып, Банк Салымшылары Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге дауыс береді.

Банктің baspana.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында қатысушыларға қойылатын талаптар мен құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады. Сондай-ақ, Инстаграм әлеуметтік желісіндегі baspana.kz_chymkent парақшасынан көп мәліметті біле аласыздар. 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-Центр 300 қызметіне хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, ТҮҚЖБанкінің салымшылары үшін жағымды жаңалық, биылғы 31 желтоқсанға дейін ТҮҚЖБ депозит ашып, 481 мың теңге салсаңыз, мемлекет тарапынан сізге 96 мың 200 тг сыйақы (20 пайыз) беріледі. Ендеше, тезірек баспаналы болуды армандайсыз ба? Онда депозит ашыңыз! Депозит ашу ақысыз жүзеге асады.