Қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза Абу-Дабидегі турнирде жүлдегер атанды

78

Біріккен Араб Әмірлігі астанасы Абу Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық дзюдошы Дидар Хамза қола жүлдегер атанды,  деп хабарлайды Аptanews.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан ол бірінші Владимир Золоевті, одан кейін ресейлік Аслан Лаппинаговты жеңді. Ширек финалда Израиль балуаны Муки Сагиге есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде болгариялық Ивайло Ивановты ұтты. Ол жұбаныш финалында Әлем чемпионы иран балуаны Саид Моллаидан басым түсіп, турнирдің қола медаліне ие болды.

Grand Slam турнирінің бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Ерлан Серікжанов (66 кг) күміс, Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) қола медаль алған болатын. Сондай-ақ, Дидар Хамза Джакартада өткен жазғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді.