Түркістан облысында «Үздік оқырман отбасы» анықталды

45

Түркістан облысы, Шардара ауданында «Үздік оқырман отбасы» атты сайыс өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасап.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылды. Мақсаты – оқырмандардың кітапқа қызығушылығын ояту. Ұлттық салт-дәстүрді жандандырып, өскелең ұрпаққа насихаттау.

«Үздік оқырман отбасы» сайысына   9 отбасы қатысты.   Байқау ережесіне сәйкес олар   3 кезеңде   өзара бақ сынады. Елбасының «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы сұрақтарға жауап берді.  Бірі  әуезді ән орындаса, енді бірі өздерінің төл туындыларымен  көрерменнің қошеметіне бөленді.

Бүгінде  кітап оқу «сәннен» қалып барады.  Әсіресе,  жастардың қызығушылығы төмен. Ғаламтор мен жаңа технологияның дамыған уақытында оқырманды кітапханаға тартудың жолы – отбасы қызығушылығын ояту еді.Байқау-осы үдеден шыға білді.

Ғайшагүл Төребаева — Шардара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

-Жылда дәстүрлі түрде өтеді. Биыл бір қуантатыны жылдағыға қарағанда үміткерлер көптеп қатысып отыр. Көптеген өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз кітапханаға емес, интернет желісіне көптеп бағынады. Сондықтан біз құнды байлығымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Сайыс «Отбасын кітап даналығы нығайтады» аты ұранымен өтті.  Әділ-қазылардың шешімімен Тұрсынбаевтар жанұясы  үздік деп танылды. Қалған қатысушыларға ынтыландыру сыйлықтары үйлестірілді.