Түркістан: Агросаланың дамуына мән берілуде

60

Экспортқа шығарылатын өңделген өнім көлемін көбейту — аграрлы саланың басты мақсаттарының бірі. Алға қойған межеге жету үшін, жаңа технологиялар мен интелектуалды жүйелердің маңызы зор. Цифрландырудың арқасында, шарулардың ісіне қаржылай қолдау көрсетіледі. Отандық өнімнің экспорттық әлеуеті де нығаяды.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазығұрт ауданындағы серіктестік өңірдегі ең ірі ет экспорттаушы  шаруашылықтың бірі. 12 мың  ірі қара бордақылайды. Биылдың өзінде Иран мен Өзбекстанға 2 мың тонна ет саудалады. Агросалаға жасалатын мемлекеттік қолдау енді шаруашалық жұмысының аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек. Серіктестік басшылары соны пайдаланып, тағы 10 мың ірі қара бордақылайтын кешен құрылысын бастауға ниетті.

— Бүгінгі Жолдауда 2020 бағдарламасын 2025 жылға дейін созу туралы айтылды. Ол бізге үлкен қолдау. Сона соң несиелер беру, қаржыландыру жөнінде, экспортқа шығарып жатқандарды, бизнесті қорғау  деді. Бұл кәсібімізді дамытуға септігін тигізеді, дейді шаруа қожалығының төрағасы Сырым Ертаев.

Жолдау, жермен жан баққан шаруаның да жұмысына серпін әкелгелі отыр. Аграрлы ғылымды дамыту, озық технологияларды пайдалану нәтижесінде  егіншіліктің өзіндік құнын төмендетеді. Жерді тиімді игеруге шаруаларды ынталандырмақ.

Шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла Азимовтың айтуынша, аграрлы сала қазіргі күнде инвестицияға, жаңа технологияны қажет етіп тұрған сала. Бұл ретте тамшылатып суару, гидропоника, жер асты суларын пайдалану технологияларын қолдау қажет. Жолдауда Президент осы нәрселерге  айырықша тоқталды.

Жолдауда айтылған басты міндеттің бірі: экспортқа шығарылатын өңделген өнімді  екі жарым есеге көбейту.  Бұл мақсатқа жету үшін облыста ауылшаруашылығын дамытудың 2025 жылға дейін тұжырымдамасы жасалды. Мұнда өнім көлемін ұлғайтудың нақты жолдары белгілген.

— Бұл ненің есебінен болады. Бұл біздің облыста тамшылатып суару, жылыжайлар, қарқынды баулар, сонымен қатар мал бордақылау лаңдары, сүт сауу бекеттерін орнату, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қараны 2,5 есеге көбейту көзделіп отыр, дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.

Түркістан аграрлық салада тиімді технологияларды кеңінен пайдаланып келе жатқан өңірдің бірі. Бүгінде аймақтағы егістік алқаптың 1 мың 800 гектары тамшылатып суарылады. Ал, жылыжай көлемі 1 мың 285 гектарға жетіп отыр.