Түркістан: Төлеби ауданындағы туристік аймақтар сапалы интернет желісімен қамтылады

458

Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков ауданда орналасқан туристік аймақтарын сапалы интернет желісімен қамту туралы «Kcell»АҚ-нің Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы Б. Шалғынбаевпен, «Қазақтелеком» АҚ және «Beeline»АҚ өкілдерімен арнайы кездесу өткізді, деп хабарлайды Аptanews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу нәтижесімен аталған интернет операторларымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік және демалыс аймақтарын 2019 жылы I-тоқсанда толық сапалы интернет желісімен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, интернет операторларымен алдағы уақытта Ақмешіт шатқалы және Қасқасу елді мекендерін сапалы интернет желісімен толығымен қамту жұмыстары аудан әкімдігімен бірге жүргізу жоспарлануда.

Төле би ауданы — Түркістан оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. 1932 жылы құрылған. Аудан орталығы — Ленгер қаласы.

Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек кұртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеншар болған. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері — Сайрам шыңы (4338 м). Шығысыңда Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500 м), Қазығұрт (1200 м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9°С, шілде айында 24°-26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа; тауда долана, арша, бадам, шырғанақ, итмұрын, тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр, аю, барыс, арқар, таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан — бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу, Сайрамсу, Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған) өзендері ағып өтеді. Аудан тұрғындарының орташа тығыздағы 1 км²-ге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігі қазақтар 70 % пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды. Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка, Көксәйек, Сұлтанрабат, Қамшақ, Тоғыс, Ақжар, Зертас тағы басқа ауылдар.