Түлкібастықтар Елбасы Жолдауын ерекше ықыласпен қабылдады

224

ҚР-сының Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазанындағы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Жолдауын насихаттау мақсатында, облыстық ақпараттық-насихаттық топ келіп, аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Аptanews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен кездесулер мен талқылаулар өткізеді. Осындай мақсатпен ауданымызға насихаттық топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған топ мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, топ жетекшісінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық келісім мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлім басшысы, саясаттанушы Владимир Викторович Жаринов, облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов, облыстық ақпараттандыру, Мемлекеттік қызметтер көрсету және архтивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Батырбек Жалмұрзаев және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев келді.

Сондай-ақ, кездесуге ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, этномәдени орталықтардың төрағалары ауылдық және поселкелік округтердің әкімдері, қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысып отырды.
Басқосуда тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев Жолдау бойынша баяндама жасады. Жолдауды талқылауда ауданның Құрметті азаматы Кендебай Айтқұлов, Бреусов атындағы ЖОМ-інің тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбек Сұлтан жарыссөзге шығып, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу қорытындысында облыс әкімінің орынбасары, насихаттық топтың жетекшісі Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, Жолдауға арналған басқосуды қорытты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев ашып, жүргізіп отырды.