Түркістан: Студенттер ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті

63

Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен орта арнаулы оқу орындарының студент қыздары арасында волейболдан «Студенттік лига» ойындары өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz облыстық Жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу.

Нәтижесінде І-орынды №12 Кәсіптік колледжі, ІІ-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІІ-орынды Арыстанбаб колледжі иеленді.

Еске салсақ, сарыағаштық жастар ұлттық спортты да ұлықтауға атсалысты. Олар Сарыағаш қаласындағы спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында ұлттық спорттың үш түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда, ләңгі тебу, гір тасын көтеру және арқан тартудан бақ сынады.

Жарысты тамашалауға, жастарды қолдауға Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, жастардың жанашыры Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, облыстық ақпараттық топ қатысты.