Түркістан: Түрлі этнос өкілдерінің форумы өтті

85

Сарыағаш ауданында түрлі этнос өкілдерінің форумы өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz облыстық Жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумда иран-азербайжан, неміс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, орыс және қазақ ұлттарының ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері және ұлттық тағамдары ұсынылды.

Көрмеден соң концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан бұл форумда ұлттық татулықты ұран еткен жастар сахна төріне шығып құттықтауларын айтты.
Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дуйсебеков, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдияр Қозыбаев жастарды мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов бүгінгі форумда ауданның белсенді жастарын алғыс хаттармен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

Айта кетсек, осы күндері Сарыағаш қаласындағы спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында ұлттық спорттың үш түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда жастар ләңгі тебу, гір тасын көтеру және арқан тартудан жарысты.