Жолдау: Кентаулықтар да өз үлесін қосады

128

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына жолдаған кезекті Жолдауын кентаулықтар тікелей эфирден тамашалады, деп хабарлайды Аptanews.kz Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кентау трансформатор зауытының жет інші цехына жиналған қауым ішінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр және қала басшылары мен зиялы қауым өкілдері, зауыт ұжымы болды.

Іс-шара мұнан соң Еңбек күніне арналған жұмыскерлер мен еңбек династияларының облыстық форумымен жалғасты. Онда облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы көпшілікті мерекемен құттықтап, облыс орталығы Түркістан қаласын дамыту ісінде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Еңбек адамдарының арқасында еліміз көркейіп келе жатқанын тілге тиек еткен ол, көпшілікті адал еңбек етіп, игі істерге өз үлестерін қосуға шақырды.

Сондай-ақ, қызмет бабында жоғары нәтижеге жеткен біршама азаматтарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. «Үздік еңбек әулеті», «Жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары бойынша «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздарына арнайы сертификаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Жиында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков мерекелік құттықтауын жеткізді.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.