Шардарада аудандық ақпараттық-насихаттық топ ауылдарды аралауда

113

Бұл туралы Аptanews.kz Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша аудан әкімі Б.Қыстауовтың өкімімен арнайы ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, қала және ауылдық округтерде кездесулер өткізуде.

Сейсенбі, 16 қазан күні аудан әкімінің орынбасары Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен Сүткент, Қызылқұм, Алатау батыр ауылдық округтерінде халықпен кездесу өтті. Жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстемов, аудандық жұмыспен қамту және әлемуеттік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Таласов сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді кең көлемде түсіндіріп берді. Сүткент ауылдық округінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары Шалабай Үсіпбаев, Серікбай Омаров, Қызылқұм ауылында өткен кездесуде Жанұзақ Лесов, Оразмұрат Күлиев, Алатау батыр ауылында өткен кездесуде «Мырзакент» ЖШС-і директорының Шардара ауданы бойынша орынбасары Сейсен Қуан, ауылдық Мәдениет сарайының директоры Бағлан Айнабекова сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауына нақты істерімен қолдау көрсететіндерін мәлімдеді.
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің төрағалық жасайтын ІІ ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков және Қоссейіт ауылдарында болып, халықпен кездесті. Кездесу барысында аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бибігүл Көшекеева, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Сырлыбек Шынтаев сөзге шығып, Елбасы Жолдауында айтылған басым бағыттардың әрқайсысына тоқталып өтіп, жаңа мақсаттарға жетелейтін маңызды құжат екендігін атап көрсетті. Жаушықұм ауылының тұрғындары Тоғай Нұрымбетов, Жеңіс Бегімбетов, мектеп-лицей оқушысы А.Қоштай, Қ.Тұрысбеков ауылының ардагер ұстазы Нышанбай Бұрханов, ауыл тұрғыны Асхан Балқыбеков, Қоссейіт ауылының тұрғындары Мейрамбек Шайманов, Сейдахмет Бижігітов, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Көшербай Әлденеев халықтың әлеуметтік жағдайы мен табысын арттыруға бағытталған Жолдауды ауыл тұрғындары бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.