Түркістан облысында жер телімі беріле бастады

326

Келес ауданының Ұшқын ауылдық округінде жер телімі беріле бастады, деп хабарлайды Аptanews.kz Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінің Достық елді мекенінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оңайлатылған бас жоспарға сәйкес инфрақұрылымдары жүргізіліп тұрғын үй құрылысы үшін алқап дайын болды. Оңайлатылған бас жоспарға сәйкес аумағы 95,5 га жер дайын алқапта 356 тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, мектеп аумағы үшін — 2,40 га, мешіт аумағына — 0,73 га, 2 коммерциялық нысан аумағына — 0,30 га қарастырылған.
Қазіргі таңда, Келес ауданы Ұшқын ауылдық округінде халық саны – 7223 құраса, Ұшқын елді мекенінің үлесінде — 3743, Достық елді мекенінде – 2310, Қоралас елді мекенінде – 1170 тұрғынды құрайды. Оның ішінде 830 адам тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға Ұшқын ауылдық округінің әкімінің шешімі қабылданып жер телімі беріле бастады.