Елбасы: Басты басымдық — қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру

69

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды, деп хабарлайды Аptanews.kz.

«Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.

«Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық», — деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. «Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі», деді Елбасы.

«Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі — Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 процентке көтереді», деді Елбасы.Айта кетейік, биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.