Мархабат Байғұт: «Биылғы Президент Жолдауы нақтылығымен ерекше»

398

Елімізге белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт биылғы Президент Жолдауы жыл сайынғы Жолдаулармен салыстырғанда нақтылығымен ерекше екенін айтады.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдаған облыстың құрметті азаматы әрі «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері маңызды құжаттың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатынын жеткізді.

«Елбасы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына баса мән беріп, коммуналдық- шаруашылық саласында, отандық өнеркәсіпке қолдау білдіру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жолға қойып, ішкі туризмді дамыту қажеттілігін атап өтті. Тағы айта кетейік, учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетіні жайлы айтылды. Сондай-ақ, Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл қуантарлық жайт. Алдағы уақытта медицина саласы дами түсетіні айдан анық», — дейді жазушы Мархабат Байғұт.

Еске сала кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауын Түркістан облысының тұрғындары тікелей эфирден тамашалады.

Кентау трансформатор зауытында 200-ге жуық адам өндіріс орнында Жолдауды тікелей эфирден көрді. Жұмысшылар Президенттің жаңа Жолдауындағы көтерілген бастамаларды зор ықыласпен қабылдады. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған игі іс-шараларға ризалықтарын білдірді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының медицина саласының бірқатар өкілдері өз жұмыс орындарында Жолдауды көрсе, Түркістан қаласындағы педагогикалық колледжде де арнайы көрсетілім ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда да колледж мұғалімдері, студенттер, ақсақалдар және түрлі этнос өкілдері Елбасы Жолдауын тыңдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, жалпы, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жұртшылық Жолдауды тамашалап, Елбасы бастамаларына қолдау білдірді.