Төлеби ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

335

24 қыркүйек күні, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Аptanews.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй кезегі, жер мәселесі, отбасылық жағдайы мен әлеуметтік мәселесі бойынша, ауылдан мектепке оқушыларды тасмалдайтын арнайы автобус қойылса екен деген өтініштері мен мәселелерін айтты. Тұрғындардың жеке мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндіріп, орынбасарлары мен тиісті дербес бөлім басшыларына азаматтардың өзекті сұрақтарын шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.

Алдын ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547)6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.