Түркістанда жаңадан салынатын ғимараттар шығыс стилінде болады

1201

Алдағы уақытта Түркістанда ғимараттар шығыс стилінде салынады. Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты, деп хабарлайды Аptanews.kz өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының тапсырмасына сәйкес,  Қазақстанның рухани орталығы бағытында жандандыру жайына тоқталды.

«Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуы тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді»,-деді Ж.Түймебаев.