Түркістан облысында «Серпін» жобасы бойынша талапкерлерден құжат қабылдау басталады

2996

18 шілдеден бастап Түркістан облысында «Серпін» жобасы бойынша талапкерлерден құжат қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды Аptanews.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бүгінде Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары — индустрияға» атты әлеуметтік жоба жұмыс істеп келе жатыр.

Бұл жобанның басты мақсаты – еңбек ресурстарының мол артықшылығы бар республиканың бірқатар өңірлерінен, оның ішінде Түркістан облысы жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп Батыс, Шығыс және Солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасау.

​Қазіргі таңда Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы талапкерлерден құжаттарды қабылдауға әзірленуде.

Аталған басқарманың Жастармен және жастар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы Раушан Аманованың мәлімдеуінше, 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында «Серпін» жобасы бойынша 2018-2019 оқу жылына жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлерден ҚҰЖАТТАРДЫ қабылдау жүргізіледі.

​Құжат қабылданатын орындар:
1) Шымкент қ, Иляев көшесі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, А-ғимараты;
​2) Шымкент қ, Байтұрсынов көшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті базасында;
​3) Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы туралы толық ақпаратты http://serpin.kz/ сайтынан және 8-7252-21-30-78, 8-702-394-68-47 сымтетіктері арқылы алуға болады.