Түркістан қаласының бас жоспарын әзірлеуге халықаралық байқау жарияланды

976
Сурет ашық дереккөзден алынды

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспар тұжырымдамасын әзірлеу байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша комиссия Түркістан облысының әкімдігімен бірлесе отырып, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту бойынша бас жоспардың ең үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық байқау жариялады.

Бұл туралы Аptanews.kz ақпарат агенттігі ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған конкурстың мақсаты түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістан қаласының бас жоспарының тұжырымдамасының сәулет-қала құрылысы шешімдерін алуға негізделеді, мұнда облыс орталығы ретінде Түркістан қаласының ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша сапалы шешімдер ұсынылатын болады.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2018 жылғы 11 шілдеден бастап 11 тамыз аралығы.Конкурсқа ұсынылған жобалар көрмесі Түркістан қаласында 15-20 тамыз аралығында өтеді.

Конкурстың жүлде қоры (салықтарды қоспағанда) 40,0 млн теңгені құрайды.

Конкурс сайты: Turkestangenplan.kz

Конкурсқа кәсіби сәулетшілер және қала құрылысын жүзеге асыру мамандары (жеке және заңды тұлғалар) қатыса алады.