Еліміз уран өндіруден әлемде нешінші орында?

994
Уран рудасының ең ірі кен орындары еліміздің 6 өңірінде шоғырланған. Бұл туралы

Atameken Business Channel хабарлайды.
ОҚО-да жеті ірі кен орны бар: Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Жалпақ, Заречное, Буденовское, Іңкәй. Ал СҚО-да Қамысты, Семізбай, Викторовское мен Грачевское сынды кен орындары бар.
Қызылорда облысында Солтүстік Харасан, Іркөл мен Оңтүстік Қарамұрын кен орындарынан уран алынады. Алматы өңірінде — Сұлушоқы мен Қалжат, Маңғыстауда — Меловое, Ақмола өңірінде Заозерное кен орындары уранның ең ірі көзі болып саналады.
Ашық дерек көздерінен алынған мәлімет бойынша, елімізде барланған уран қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Ал ТМД елдерінің ішінде ең қуатты уран минералдық базасы бар елдер қатарында, уран өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орында. Жылына 17 800 тонна уран өндіріледі.