ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛААРАЛЫҚ АВТОБУСТАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

396

Шымкент қаласында қалааралық бағытта қатынайтын қоғамдық көліктердің қысқа қаншалықты дайындығы жөнінде шаһардағы «Айна» базар автобекетінде арнайы рейд ұйымдастырылды.

Қысқы дизел отыны құйыла ма, Доңғалақтары ауыстырылған ба. Ұзақ жолда тұрып қалмас үшін маусымдық тексерулерден өткен бе? Шымкентте құзырлы орган өкілдері бірлесіп ұйымдастырған рейдтік шарада осы мәселелерге басымдық берілді. Өйткені оңтүстікте күн райы әлі біршама жылы болғанымен, басқа қаларда қар жауып, жолдар көк тайғақ болып, көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін дейді сала мамандары.

– Республика бойынша ауа райы суық аймақтарға қатынайтын көліктердің қысқы дезильді отынға өту жөнінде түсіндірілді. Қызметкерлер сонымен қатар,әкімшілік қызметкерлері тарапынан жергілікті полиция қызметімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев

Жалпы, төтеншеліктер күн суыта автобустар қысқы дизел отынын құйғаны жөн екенін алға тартты. Өйткені жаздық жанармай суыққа тез тоңып қалады. Оған қоса көліктің техникалық жағдайы талапқа сай болуы керек. Ондай олқылықтың соңы автобустың жолда қалуына соқтырады. Ақтөбедегі қайғылы жағдай әлі көптің есінде. Сондықтан ұзақ сапарға шыққанда барынша сақтық шараларын сақтау керек. Автобекетінде механигі Арман Әзімбековтың дерегінше бүгін қалааралық қоғамдық көліктердің басым бөлігі қысқа дайын.

–Қысқы маусымға дайындығымыз 60 пайыз. Бізде тек бір бағыт бойынша Алматыға жүреді. Автобекеттің өзіне қарасты, медбике мен механигіміз бар, — дейді ол.

Құзырлы орган өкілдері ең бірінші кезекте автобус жүргізушілерінің денсаулығы тексерілмей жолға жіберілмеуі керек, деп отыр. Ондай кемшілікке жол берген мекемелерге жаза қолданылмақ.