ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

205

Жуырда «Шымкент ақпараттық орталығы» қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының қолдауымен композиторлар арасында «Шырқа, Шымкент!» ән байқауын өткізеді. Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында ішкі саясат және дін істері басқармасының ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау аясында баспасөз брифингі өтті. Басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы Жолдау аясында салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Ел Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы аясында қала тұрғындарымен 125 кездесу өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Басқарма қалада жұмыс істеп отырған 6 саяси партия филиалдары, жалпы тіркелген 400-ден астам үкіметтік ұйымдардың ішіндегі белсенді жұмыс атқарып отырған 90-нан астам қоғамдық ұйыммен 8 бағыт бойынша тығыз байланыс жүргізуде, – деді Жанар Әлібекқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік рәміздерді қолдану, талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, қала әкімдігінің «Shymkent.gov.kz» ресми сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іске қосылып, БАҚ-та жарияланған резонансты материалдар бойынша «кері байланыс» жүйесі қолға алынған.

Қазіргі таңда қаладағы 155 БАҚ қызметіне мониторинг жүргізіліп, тиісті заң талаптары бұзылған 7 факт бойынша шаралар қабылданып, заңның орындалуы қалпына келтірілген.

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Ақпараттық коммуникациялық орталық», «Дін мәселелерін зерттеу орталығы», «Шымкент ақпарат орталығы», «Рухани жаңғыру кеңсесінің жұмыстарын үйлестіріп отыр.

Ж.Бектаева алдағы уақытта басқарма тарапынан атқарылатын бірқатар жұмыстарды таныстырды.

– Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және азаматтық институттарды дамытуда «Шырайлы Шымкент: Береке басы — бірлік», «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі», «Шымкент – мәдениет пен өркениеттің орталығы» форумдарын өткізу, «Рухани жаңғыру» қалалық кеңсесіне арнайы ғимарат бөлу, «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» семинар-тимбилдингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Жанар Бектаева Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында өтетін «Үздік номинациялар – 2019» байқауының ережесі мен БАҚ өкілдері арасында болатын спорт жарысы жөнінде хабарлады.

Дерек көзі: «Шымкент келбеті»